Коробиха тәжірибесі көпке үлгі
сурет редакция архивінен көрнекілік үшін алынды
Коробиха ауылының тұрғындары төтенше жағдай туындаған кезде бірден атқарушы органдарға көмекке келеді. Мәселен, ерте көктемде қарғын су қауіп төндірген кезде елді мекен маңында құтқарушылардың арнайы көліктерімен қатар қарапайым ауыл тұрғындарының техникалары да сақадай сай тұрды. Оннан астам техника жыл бойы «қарауылда» тұратын көрінеді.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев облыс әкімдігінің мәжілісінде бұл өте жақсы тәжірибе екенін атап өтті.
– Бұл жерде халықтың ауызбіршілігі, одан бұрын тұрғындардың ауыл әкіміне деген сенімі көрінеді, – деген облыс әкімі өзге елді мекен әкімдері де осы істен үлгі алып, аталмыш тәжірибені қолдана алса, нұр үстіне нұр болатынын жеткізді.
Өңір басшысы кез-келген қысылтаяң жағдайда жұртшылықты ұйыстыра білу бәрінен де маңызды екенін қадап айтты.
Оқи отырыңыз