Баяндамада құрғақ сандар емес, жұмыстың нәтижесі көрсетілуі керек – ШҚО әкімі
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев облыс әкімдігінің мәжілісінде аудан басшыларының есеп беру тәсілін сынға алды. Өңір басшысы баяндамаларда құрғақ сандар емес, нақты жұмыс пен нәтиже көрсетілуі керек екенін ескертті.
Бүгінгі ШҚО әкімдігінің мәжілісінде өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, жиында Алтай, Самар және Шемонаиха аудандары әкімдерінің есептері тыңдалуы керек еді. Алайда аймақ басшысы алғашқы баяндамадан-ақ ескерту жасады.
– Маған кеңес заманының жаттанды есептері қажет емес. Одан да нақты нәтижелерді көрсетіңіз. Қағазға қарап оқып бермей, жағдайды өз сөзіңізбен айтып беріңіз. «Біз бұл жұмысқа осыншама қаражат бөлдік, жұмысты осындай уақытта орындаймыз» дегендей. Облыс әкімдігінің мәжілісін онлайн режимде қарапайым тұрғындар да көріп отыр. Сол себепті, бұл жерде айтылған сөздер халыққа да түсінікті болуы шарт. Ал статистиканы өзіміз де оқи аламыз, – деді облыс әкімі.
Оқи отырыңыз
ШҚО-да «Инвестор жолы» қадамдық алгоритмі әзірленіп жатырШҚО әкімдігінің мәжілісінде бюджет қаражатын игеру мәселесі қаралдыЖемқорлықты анықтаудан бұрын алдын алуға күш салу керек – Ермек КөшербаевАвтонесие: мұқтаждарға нақты көмек көрсету ұсынылдыШҚО әкімі Өскемендегі жолдар мен тротуарларды қардан тазартуды тапсырды