KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Өскеменде бірегей жабық көрме ашылды

16.07.2024, 12:30 137 Айна Ескенқызы

Өскемендік өнерсүйер қауым үшін  үш күнге созылатын «ART GALLERY 2024» атты бірегей жабық көрме ашылды. Басты ерекшелігі  - үздік заманауи суретші Дәурен Тасболатовтың «Жер ана» деген туындысы алғаш рет көпшіліктің назарына ұсынылып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Дәурен Тасболатов-иллюстратор, графикалық дизайнер, үздік заманауи суретші, оның жұмыстары Forbes, медиа жұлдыздар тізіміндегі қазақстандықтардың жеке коллекцияларында сақтаулы, халықаралық көрме алаңдарына қойылған.

Көрмеде келушілердің назарына суретшінің аралас техникамен салынған  20 туындысы, төрт үлкен  полотносы ұсынылды.

- Бүгінгі көрме – менің алғашқы жеке көрмем. Нақты үш тақырыпта жұмыс істеймін, біріншісі - түркі тілдес халықтардың мифологиясы немесе қазақ халқының етегі-аңыздары, екіншісі – әлеуметтік-философиялық тақырып, өйткені айналамда болып жатқан оқиғаларға суретші ретінде назар аудармай кете алмаймын. Сол оқиғаларды жүрегімнен өткізіп, символ немесе метафора арқылы бейнелуге тырысамын. Үшіншісі –  заман талабына сай коммерциялық тақырып. Көрмеде жаңада ғана бітірген «Жер ана» деген туындымды бүгін алғаш рет көпшіліктің назарына ұсынып отырмын, - деді Дәурен Тасболатов. 

Суретшінің айтуынша, көрменің ерекшелігі - аралас техникалармен аралас тақырыптарда салынған туындылардың бірге ұсынылуы. Сонымен қатар келушілер тек суретшімен ғана емес, өнертанушылармен де интерактивті диалог орнату мүскіндігі берілді.

- Мен негізінен планшетке, сондай-ақ дәстүрлі материалдарға сурет саламын, ал болашақта бірыңғай май мен акрилге ауысқым келеді, - деп бөлісті суретші Дәурен Тасболатов.

 Көрмені ұйымдастырушылардың бірі Мақпал Түсіпова бұл идеяның қалай туғанын айтып берді.

- Дәуренмен Семей қаласында, оның картиналарының премьерасында танысқан едік. Қазір бізде әр салада көптеген таланттар шығып жатыр, отандық талантты адамдарды дәріптеу мақсатында жаңа жобамыз пайда болды. Сол кезде  менің есіме бірден Дәурен түсті, әрине бұл шаруа оңай болған жоқ, бірақ мақсатымыз орындалды. Негізгі мақсат-әр түрлі саладағы талантты адамдарымызды қолдау. Екіншіден, мен ерекше балалардың аналарын біріктіретін "Мама Про" қорымен үнемі жұмыс істеймін, сондықтан бұл іс-шараны біз сондай қор туралы көбірек ақпараттандыру,  қорға назар аудару үшін де  ұйымдастырдық. Бәлкім біреулер қайырымдылықпен айналысқысы келер немесе дәл осы Қорға көмектескісі келеді. Болашпқтағы ауқымды мақсатымыз - жаңа жобалар ашып, оған мүмкіндігінше мол адамдарды тарту, - деді Мақпал Түсіпова.

Ол қаражаттың бір бөлігі осы қоғамдық қорға берілетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, көрме Сатпаев даңғылы, 88/2 мекенжайында өтіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив