«Altai Mai» зауыты жыл соңына дейін толық қуатына көшеді
Шығыс Қазақстанға арнайы жұмыс сапарымен келген Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Өскемендегі көкөніс майын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты.
«Altai Mai» деп аталатын жаңа өндіріс орны жыл соңына дейін толық қуатына көшеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір мұнда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын басшысы Нұржан Меджановтың айтуынша, өндіріс орны толық күшіне енген кезде зауытта 350-ден астам адам жұмыс істейтін болады.
Белгілі болғандай, компания өзінің құрылғыларын Аргентинадан, Қытайдан және басқа да алыс-жақын шетелдерден алдырған. Жаңа құрал-жабдықтар мен технология арқылы осы салада жұмыс істейтін мамандар өз деңгейін көтеруге де үлкен мүмкіндік алады деп отыр кәсіпорын басшылығы.
Мұндай өндіріс орнының ашылғанын кәсіпорын жұмысымен танысқан Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев те құптады.
Көкөніс майын өндіретін бұл нысан қала мен облыс экономикасының өсуіне де өз септігін тигізері сөзсіз. Белгілі болғандай, өндіріс орны қалаға 17 млрд теңге инвестиция құйыпты.