KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Жас қаламгерлер арасында аймақтық байқау басталды

5.09.2024, 12:29 106 ALTAINEWS

«AMANAT» партиясының қолдауымен өтіп келе жатқан «Ұлы дала» байқауы жас қаламгерлердің шығармашылығын шыңдайтын дәстүрлі додаға айналды. Биыл аталмыш әдеби бәйгенің аймақтық кезеңін өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Байқауға құжаттар қабылдау 06 қыркүйек - 18 қазан аралығында ереже бойынша қабылданады. Байқау негізгі үш – «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша өткізіледі. Әрбір номинацияға үш орыннан (І-ІІ-ІІІ) қарастырылады.

Байқауға 18-ден 45 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бір автор тек бір номинацияға қатысады. Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады және бұрын-соңды жарияланған шығарма қабылданбайды. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды.

Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына - 30, «Поэзия» номинациясына - 10, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына - 20 беттен аспайтын жұмыстар қабылданады. Олар А4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде,1,0 аралықта терілуі керек.

Байқауға жіберілетін материалдар бүркеншік атпен партияның аймақтық филиалының ulydala-shqo@amanatpartiasy.kz  электрондық мекенжайына жолданады.

Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі

Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2024 жылы 19-22 қазан аралығында қарайды. Жұмыс қорытындысы бойынша аймақтық байқау комиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды.  Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында 2024 жылдың 31 қазанына дейін өткізіледі.

Ал әр номинация бойынша жеңімпаздар «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауына қатысуға тікелей жолдама алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив