KZ
Өскемен
-22°
ясно жел 1 м/с, С
514.93 536.04 5.18

Магистратураға 42 569 талапкер тапсырды. Басым бөлігі – педагогикаға

Фото: ortcom.kz

18.07.2023, 10:15 693 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау қорытындысын жариялады. Үміткерлердің жалпы саны – 42 569, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құжат тапсырғандардың басым бөлігі педагогикалық ғылымдарды таңдаған. Олардың үлесі – 42 пайыз.

Сондай-ақ келесі кезекте инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларын (6848), бизнес, басқару және құқық салаларын (4968) таңдағандар көп.

«Кешенді тестілеудің күні, уақыты, орны туралы ақпарат жеке кабинетіңіздің "Менің іс-әрекетім" бөлімінде 18 шілдеде жарияланады. Тестілеуге қатысу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың болуы міндетті», - делінген ҰТО хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу