ШҚО-да көші-қон қызметінің басшысы шетелдіктерден пара алған
ШҚО-да көші-қон қызметінің басшысы шетелдіктердің елде болу мерзімін ұзарту үшін пара алып отырған.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті көші-қон саласындағы талдау барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықтаған.
Өскемен қалалық сотының шешімімен айыпталушыға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарда өмір бойы жұмыс істей алмайды.