Күршім ауданында жүк техникасы аударылып қалды
7 шілде күні Күршім ауданы Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдарының арасында көлемі 23 тонна болатын күкірт қышқылы бар цистерналы жүк көлігі аударылды.
Апат салдарынан шамамен 20-21 тонна күкірт қышқылы төгілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазіргі уақытта аудан әкімі және уәкілетті органдардан құрылған комиссия оқиға орнында жүр. Авариялық-құтқару жұмыстары арнайы техниканы қолданумен басталды.
Құқықтық бағалау және жауапкершілік заңнамаға сәйкес айқындалатын болады. Қосымша ақпаратты тиісті мекемелер хабарлайды.
Оқи отырыңыз