Өскеменде балкон опырылып, әйел адам құлап кетті
18 мамыр күні сағат 15.30 шамасында Қазақстан көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің үшінші қабатында балкон опырылып, әйел адам құлап кетті.
Оқиға болған жердің маңында медицина орталығы болып, сондағы қызметкерлер жедел жәрдем келгенше әйел адамға көмек көрсеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Ол тамақ істемек болып, сол аралықта киім жаю үшін балконға шыққан сияқты. Құлап түскеннен кейін пәтерде кішкентай баласы қалғанын қайталап айтып жатты. Көршілердің бірінде болгарка болып, есікті бұзып кіргенде үйдің іші көк түтін еді. Ал үстелдің астында шамамен 6 айлық бала жылап отыр екен. Оны көрпеге орап, туыстары келгенше кеңседе қарап отырдық, – дейді деді куәгер Раушан Смайылова.
Ал ШҚО денсаулық сақтау басқармасы әйел адам медициналық тексеруден өтіп жатқанын айтты.
– Зардап шегуші тексеруден өтіп жатыр, аяқталып, қорытындысы шыққаннан кейін үйіне жіберіледі. Абырой болғанда, ауыр жарақат алмаған, – деді олар.
Оқи отырыңыз