«Торпедо» финалдан тыс қалды
«Торпедо» ел біріншілігінің финалына шыға алмай қалды. Өскемендік ұжым плей-офф кезеңінің жартылай финалында Көкшетаудың «Арланынан» ұтылып, биыл командасынан тек қана жеңіс күткен қалың жанкүйерін жерге қаратты.
Рас, осы жолғы жарыста «Торпедо» сөзсіз фаворит саналған болатын. Плей-офф кезеңінің алдында өткен тұрақты чемпионатта қарсы келген қарсыластарын қамыстай жапырған жерлестеріміз күнібұрын топ жарып, біздің сенімімізді нықтай түскен еді. Тіптен, Олег Болякиннің қарқын алған командасын ең басты қарсыласы саналатын «Сарыарқа» да тоқтата алмаған. Бұған тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орындағы «Торпедо» мен екінші сатыдағы «Сарыарқаның» арасын бөлген 22 ұпай дәлел. Жерлестеріміз плей-офф кезеңін де сенімді бастаған-ды. Ширекфиналдағы қарсыласы «Алматы» командасының қақпасына төрт ойында 15 шайба соққан «торпедолықтар» келесі кезеңге іркілмей шыққан.
Міне, сөйткен, «Торпедомыз» жартылай финалда адам танымастай өзгереді деп кім ойлаған?!. Не қара басқанын қайдам, өскемендік хоккейшілерге жеңуді қойып, шайба соғудың өзі мұңға айналды. Бес ойын бойы тұрақты чемпонатты алтыншы болып аяқтаған «азулы» «Арланның» қақпасына матч сайын екеуден артық шайба соға алмады. Ақыры жеңіліп тынды. Онда да жай жеңілген жоқ, 1:4 есебімен тас-талқан болып жеңілді. Осылайша, чемпиондық кубок туралы армандарымен қош айтысты.
Ал осы кезеңде нағыз сенсация авторы атанған Көкшетаудың «Арланы» енді финалда Қарағандының «Сарыарқасымен» шеберлік байқасып, сол бір арман болған кубокты сарапқа салмақ.
Хош, өскемендік жанкүйер мұндайға да таң қалмайтын болды, еті үйренді. Осы орайда, бұл – «Торпедоның» соңғы жылдардағы алғашқы сәтсіздігі емес екенін айтқан жөн. Еске салайық, алдыңғы жылы Ресей Жоғары хоккей лигасында өнер көрсеткен жерлестеріміз доданың плей-офф кезеңіне де шыға алмай қалған болатын.