ШҚО-да жел күшейіп, найзағай ойнайды
Фото: stan.kz
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 1 шілдеде облыстың солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, жел күшейеді.
Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді.
- Үйде болуға тырысыңыз. Қатты жел мен найзағай кезінде мотоцикл мен велосипед өте қауіпті болып табылады. Сондықтан мүмкіндігінше пайдаланбаған жөн. Сондай-ақ суға шомылуға да болмайды, - дейді құтқарушылар.
Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 арнасына коңырау шалыңыз.
Оқи отырыңыз