ШҚО-да жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Тарбағатай ауданының 60 жастағы тұрғыны жүгінді. 2020 жылдың қазан айында жылжымайтын мүлік агенттігінің кеңсесінде жүрген белгісіз әйел ипотекалық бағдарлама бойынша пәтерді ресімдеуге көмек көрсетемін деп 3 786 000 теңге сомағы қаражатты алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы жылжымайтын мүлік агенттігінің 31 жастағы директорын ізін суытпай анықтап және ұстады. Қазіргі уақытта оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО Полиция департаменті алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағылық танытуға кеңес береді. Алаяқтардан қорғаудың негізгі әдісі - егжей-тегжейлі келісім-шарт жасасу және құжаттарды мұқият тексеру. Сондай-ақ, алдын-ала төлем мәселелерінде абай болу керек. Төлемшартқа қол қойылғаннан кейін ғана төленуі керек.