Республика күнінің маңызы мен мәні тым тереңде жатыр - Рүстем Ақбалин
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалин:
- Толарсақтан саз кешіп, қасықтай қанын шүберекке түйген батыр бабалар ел үшін еміреніп, жалаң кеудесін оқ пен найзаға төсеген. Келешегіміздің бағытын айқындайтын республика күнінде қилы тарихымызға бір сәт көз жүгірткен абзал. Өйткені, егемен ел атану жолында шәһид болған бабалар ерлігі – баршамызға үлгі. Ұрпаққа аманат еткен ұланғайыр даланың тыныштығын күзетуде бүгінде Ұлттық ұлан әскерінің құндылығы жоғары. Әсіресе, ел тыныштығын күзетуде қырағылық танытқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы жауынгерлік әзірлік пен кәсіби шеберліктерін үнемі арттырып келеді. Сан салалы даму мен жетілу сатыларынан сүрінбей өткен ішкі әскер жұрт басына төнген кез келген қауіп-қатерге қарсы тұрып аянбай әрекет етуде әзір. Темірдей тәртіпке бағынғандар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының айбынын асырып, адуынды істердің адырнасын тартуда.
Ұлттық мерекенің ұлықталуы - Ұлттық ұланның айбынын асқақтатып, жеке құрам күш-жігерінің артуына айрықша серпін бермек. Себебі отансүйгіш жауынгер үшін қайта жаңғырған бұл мейрамның маңызы мен мәні тым тереңде жатыр. Бабалардан қалған асыл аманатымызды қызғыш құстай қорып өту ұлтын сүйер ұландықтар еншісінде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтілуі керек», - деп пікір қалдырған болатын. Яғни, тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға нышан тұтқан әскери қызметшілер үшін бүгінгі мейрам әманда зор құрметке лайық болып қала бермек.

#republicdaykz #kzdayrepublic
Оқи отырыңыз