Глубокое ауданында 7 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталады
Фото: primeminister.kz
Глубокое ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар 5 ауылда 7 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталады.
– Биыл 30 елді мекенде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 100-ге жуық жобаны іске асыру мақсатында бюджеттен 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді, – деді Эльдар Тумашинов.
Оқи отырыңыз
Глубокое ауданы: 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталадыГлубокое ауданында көп балалы отбасыларға 60 пәтерлі үй салынып жатырГлубокое ауданында көпбалалы және кезекте тұрған отбасылар үшін 60 пәтерлі үй салындыРиддерде 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталдыКөпбалалы отбасыларға баспана беріледі - Глубокое