KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
501.28 526.19 5.86

Өскеменде «Алтын шайба» турнирінің жеңімпаздары марапатталды

30.01.2023, 10:47 273 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында талай жылдан кейін алғаш рет өткен «Алтын шайба» турнирінің жеңімпаздары марапатталды.

Аталмыш матчқа 13-14 және 15-16 жас аралығындағы балалардан құралған 18 команда, қала әкімі Жақсылық Омар мен "Торпедо" клубының танымал хоккейшілері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Өскемен хоккейдің «отаны» десек, артық айтқанымыз емес. Бұрын әрбір үйдің ауласында балалар улап-шулап, жарыса хоккей ойнайтын. Және солардың арасынан көз алдымызда аты аңызға айналған хоккейшілер шықты. Өскемен қайтадан әлемдік деңгейдегі ұлы ойыншылардың ұстаханасына айналуы тиіс. Сол үшін сөзден іске көшкен жөн. Біз жергілікті спорт инфрақұрылымын жаңғыртуды өткен жылы бастап кеттік. Қаланың көптеген аудандарында әмбебап хоккей қорабы мен футбол алаңдары салынды және бұл жұмыс жалғасын табады, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Турнир мен жас хоккейшілерді марапаттау Назарбаев, 21 мекен-жайын облыс орталығындағы ең «хоккейсүйер» аулада өтті. Қала әкімдігі былтыр аталмыш аула тұрғындарына жаңа хоккей қорабын салуға уәде берген болатын.

- Уәдемізді орындап, су жаңа алаңда үздік жас хоккейшілерді марапаттап, жолдастық матч өткіздік. Осындай аула тұрғындары секілді бастамашыл қауым хоккей мектебін дамытудың тағы бір тірегі деп айтар едім, - дейді шаhар басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу