Ұланда жоғалып кеткен бала табылды

Ұлан ауданында Таврия ауылында жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Криминалдық полиция қызметкері Айдар Дүйсенбаев үш жастағы Әділхан Сейсембайды ауылдан үш шақырым қашықтағы алқаптан тапты.
Бала аман-есен, қазір ата-анасымен бірге.
Бұған дейін біз балақайды полиция қызметкерлері мен еріктілер түні бойы іздегенін хабарладық.