14 ақпаннан бастап ШҚО-да штаттық режимде оқуға рұқсат берілді

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес ағымдағы жылдың 10 ақпаннан бастап облыс «сары» аймаққа ауысты. Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы жатын орынның қамтылуы 16,1% құрады.
Сонымен қатар, 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап облыстың білім беру объектілерінде штаттық форматта оқыту рұқсат берілді.
- Білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 және 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген сараланған тәсілді ескере отырып, карантин режимін бұзушылықтар анықталған кезде қолданылатын болады, - делінген ШҚО бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық департамент берген ақпаратта.