KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Өскеменде қоғамдық көліктер қайта көбейе ме?

1.07.2020, 08:31 119

Өскемендегі жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры жұмыс күндері автобустардың қысқаруына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктерді 50 пайызға қысқартуға тура келді. Дегенмен қазір жолаушылардың санына байланысты тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг қорытындысы бойынша белгілі бір маршруттағы автобустарды көбейту немесе азайту туралы шешім қабылданады, – дейді «Жолаушылар тасымалдарын басқару орталығы» ЖШС директоры Әби Әлменбетов.

Орталық басшысының айтуынша қазіргі уақытта қала ішінде 170 автобус пен 60 шағын автобус қатынауда.

– Жалпы қоғамдық көліктердің саны 30 пайызға қысқарды. Бірақ мұның барлығы қала тұрғындарының денсаулығын сақтауға бағытталғанын уақытша шаралар. Сол себепті түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, – дейді Әби Әлменбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив