KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, З
502.47 525.83 5.68

Екі жыл ішінде Семейге 107 млрд. теңге салынды

14.07.2022, 16:01 80

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап 260 млрд. теңгелік қаржыландырумен Семей қаласының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары іске асырылуда. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

- Семей қаласында онкологиялық диспансердің Қазақстандағы алғашқы радионуклидтік терапия бөлімшесі бар ядролық медицина орталығы және көпфункционалды мәдени-спорт кешені сияқты маңызды жобалар іске асырылды, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ баспасөз конференциясында.

2e1ed3cc-f32c-4d5d-875e-31413251b0e3.jpg

Сөз соңында өңір басшысы автожол көпірін, «Орталық» және «Ғаббасов» қазандықтарын қайта жаңарту басталғанын, сондай-ақ Семей қаласын айналып өтетін автожолдың құрылысы бойынша құжаттама дайындалғанын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу