KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
515.97 537.8 5.25

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.2020, 09:31 197

Қазақстанда мемлекеттік комиссия 4 мамырдаг бастап жұмысқа кірісетін қызмет түрлерінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Мемлекеттік комиссия аймақ әкімдерінің ұсыныстары мен Денсаулық сақтау министрлігінің бағдарын қарастыра отырып, бірқатар шешімдер қабылдады.

4 мамырдан бастап барлық аймақатрда жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі:

-          Аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түліктік емес дүкендер (сағат 17.00-ге дейін);

-          Фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;

-          Шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша қабылдайды);

-          Медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша);

-          Стоматологиялық емханалар (алдын ала жазылу бойынша);

-          Жылжымайтын мүлік бойынша компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар мен нотариустар;

-          Микроқаржылық ұйымдар, сақтандыру компаниялары, ломбардтар мен ақша айырбастау пункттері;

-          Ақпараттық-коммуникациялық технология компаниялары.

Сонымен қатар, 4 мамырдан бастап көшеде спортпен шұғылдануға және жаттығуға рұқсат беріледі.

Жергілікті әкімдіктерге жұмысын бастаған нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң бақылауға алып, тиісті шаралар жүргізу тапсырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу