KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Семейде бес жастағы бала коронавирус жұқтырды

16.06.2020, 04:24 131

Шығыс Қазақстан облысының 11 тұрғынынан коронавирус анықталды. Мамандар үш науқас туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Семей қаласының 2015 және 2004 жылы туған екі тұрғынынан, облыс орталығының 1960 жылғы тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды» – деп мәлімдеді ШҚО әкімдігі.

Семейдің екі тұрғыны бұған дейін ауру жұқтырғандармен байланыста болғандықтан, ПТР сынамасынан тапсырған. Ал Өскемен тұрғыны өз өтініші бойынша тексеруден өткен.

Дәл қазір облыс аумағында ауру жұқтырғандар саны 265-ке жетті.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу