Өскеменде бір күнде 9 адамнан коронавирус анықталды
Өскеменде бір күнде тоғыз адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өткен тәулікте өңірде коронавирус жұқтырған 21 адам тіркелді. Оның он бірі – семейлік, тоғызы – өскемендік. Сондай-ақ Тарбағатай ауданында бір адамнан вирус анықталды.
– Семейдің төрт, облыс орталығының үш және Тарбағатайдың бір тұрғыны бұған дейін ауру жұқтырғандармен байланысты болғандықтан сынама тапсырды. Өзгелері өз өтініші бойынша тексеруден өткен. Науқастар оқшауландырылды, – деп мәлімдеді облыс әкімдігі.
Қос қала мен ауданда мобильді топтар ұйымдастырылып, эпидемиялық тергеу жүргізіліп, эпидемиялық шаралар жасалды. Қазіргі уақытта аймақ көлемінде ауру жұқтырғандар саны – 298.