KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
495.95 524.37 4.98

Вирус жұқтырған бесінші адам туралы толық мәлімет - ШҚО

5.04.2020, 07:01 291

ШҚО-да COVID-19 вирусын жұқтырған бесінші адам туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан айтты.

"Вирус жұқтырған адам 2006 жылғы Семей қаласының тұрғыны. Анамнезден анықталғаны: 30.03.2020 жылдан бастап ауырған. Құрғақ жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтеріліп, жалпы әлсіздік болған. 03.04.2020 жылы рентгенографиялық тексеру жүргізілді. Қорытынды: сол жақты жоғарғы бөлікті инфильтративті пневмония. Бактерияға қарсы ем тағайындалды", - деді ол.

Ол 4 сәуір күні пневмониямен ауыратын науқастарға мониторинг жүргізу жағдайы бойынша COVID-19-дан тексеруден өткен. Нәтижесі оң, яғни вирус анықталды. Алгоритмді сақтай отырып, мамандандырылған стационарға ауыстырылды.

"Эпиданамнез бойынша науқас және оның жақын туыстары облыстан тыс жерлерге бармаған, басқа елдерде болмаған. Демалысқа шыққаннан кейін 13 наурыздан бастап үйден шықпаған. Жағдайы ауырлығы орташа дәрежеде. Ақыл-ойы айқын, дене қызуының жоғарылауы байқалады", - дейді басқарма басшысы.

Айтуынша, эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша онымен байланыста болған 51 адам анықталды. Олар толық оқшауланды.

"Тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізілді. Іс-шаралар жалғасуда, қосымша ақпарат ұсынылады", - дейді І.Мұхамеджан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу