KZ
Өскемен
-28°
плотный туман жел 1 м/с, ОБ
520.27 537.65 5.24

ШҚО-да шекарада тұрған танктердің бейнежазбасы таралуда (видео)

19.03.2020, 12:20 79

WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы шекарада тұрған танктердің видеосы таралып жатыр. Осы бейнежазбаға қатысты Қорғаныс министрі пікір білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министрліктің ақпараты бойынша, бұл танктердің әзірлігін тексеру барысында бейнежазбаға түсіп қалған сәт екен.

18 наурыз күні Аягөз қаласының маңында Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірі бекітілген жоспарға сай әскери техниканы жауыгерлік әзірлікті тексеру бойынша жұмыстар жүргізген.

"Барлық техника ақаусыз жұмыс істеп тұр. Әскерилер мен техниканың даярлығы жоғары бағаланды. Марш өткізу шарасы тоқтатылған. Қосымша техникаға арнайы өңдеу жұмыстары жүргізіліп, екі сағаттан кейін барлығы өз орнына қайтарылды", - деп мәлімдеді министрлікте.

Аталған жұмыстар коронавирустың Қарулы күштер арасында таралуына қарсы күрес боййынша іс-шараларының аясында жүргізілген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу