KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
520.27 537.65 5.24

20 мың доллар салынған сейф ұрланды – Өскемен

11.03.2020, 03:55 130

Қаскөйлер 4 наурыз күні түнгі сағат үш шамасында мейрамхананың пластикалық терезесін бұзып кіріп, 20 200 доллар және 100 000 теңге сақтаулы тұрған металл сейфті ұрлап кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полиция қызметкерлерінен жасақталған жедел топ 26 және 35 жастағы екі күдіктіні қолға түсірді. Жауап алу барысында құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, сейфті қайда жасырғандарын айтты.

– Қазіргі уақытта қылмыскерлер уақытша ұстау изоляторында. Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп мәлімдеді Полиция  басқармасының басшысы Дәуір Ибраев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу