KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, СШ
521.6 534.27 5.25

Күршім ауданында байқау жарияланды

25.02.2020, 11:10 127

Күршім ауданы туралы патриоттық әнге және үздік логотипке байқау жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқауды Күршім ауданының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып отыр. Жеңімпаздар қаржылай марапатталады екен.

Жеңімпаздарды анықтау екі кезеңнен тұрады:

1. Комиссия қарауынан өткен барлық жұмыстар әлеуметтік желілер (Facebook, ВКонтакте, Instagram) арқылы өткізілетін конкурсқа жіберіледі (1 кезең, ақпан-наурыз).

2. Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстар конкурс комиссия қарауына беріледі (2 кезең, ақпан- наурыз).

Ашық конкурсқа қатысу өтінішінің үлгісін аудандық Жастар ресурстық орталығынан алуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша 2-19-22 телефон номеріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу