Семейлік кәсіпкер автобусты дәмханаға айналдырмақ
Семейлік кәсіпкер автобусты дәмханаға айналдырмақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ОВ сайтына сілтеме жасай отырып.
Семей жолдарына жаңа автобустар шыққалы ескі автобустардың іске жарамай қалғаны бәрімізге белгілі. Тіпті осы қоғамдық көліктер үшін қаншама айғай-шу да шыққан болатын. Бүгінде жолаушыларды тасымалдамаса да, сол ескі автобустардың бірі дәмханаға айналуға жақын тұр. Қалай дейсіз бе? Шаһардағы автопарк қызметкерлерінің айтуынша, оларға семейлік кәсіпкер хабарласып, автобус сатып алған. Сол автобус қазір «Спартак» стадионы маңында тұр. Әзірше есігі жабық. Алайда шаһар тұрғындары ерекше дәмхананың ашылуын асыға күтуде.