Бүгін Семейде 30 автобус жолға шықпады
Бүгін Семейде 30 автобус тоқтап тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.
Жаңа автобустардың жолға шыққанына бір айға жуық уақыт өтті. Алайда, қоғамдық көліктердің мәселесі шешілмей тұр.
Әбден ашынған жұрт әлеуметтік желілерге автобустардың жұмысына қатысты бейнежазбалар жүктеуде. Бүгін де, қала тұрғындары автобусты ұзақ күтіп тұрмыз, бірде бір автобус жоқ деп шағымданған. Сөйтсек, бүгін 30 жүргізуші жұмыс істеуден бас тартыпты.
Әкімдіктегілердің айтуынша, жүргізушілер жалақыларын күнделікті алғылары келеді екен. Сондай-ақ жұмысқа ресми түрде орналасудан бас тартқан көрінеді.