Бүгін - Ұлттық валюта күні
Бүгін - Ұлттық валюта теңгенің айналымға енген күні, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ҚР Тұңғыш Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы Жарлығына сәйкес, 15 қараша - Ұлттық валюта күні болып бекітілген. Бұл күн еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды.
Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған академик, «Құрмет» орденінің кавалері - Сауық Тәкежанов.