Семейде тағы да өрт шықты (ВИДЕО)
Семейде тағы да өрт шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті.
Оқиға 26-шы қазан күні кешке Шәкәрім даңғылының бойындағы көпқабатты үйлердің бірінlt шыққан. Өрт үйдің балконында басталыпты.
– Үй иесінің жеке заттары жанған. Өрттің жалпы ауданы 4 шаршы метр. Зардап шеккен әйел емханаға жеткізілді, әзірше диагнозы қойылған жоқ. Үйдегілер өрт қауіпсіздігін сақталмаған, - дейді Семей Төтенше жағдайлар қызметі.
Оқи отырыңыз