Әлеуметтік нысандарды жылыту 1 қазанда басталады – ШҚО
ШҚО-да 1 қазанға дейін барлық әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылаған кеңес айтты.
- Өңірдің жылыту маусымына дайындығы қазір өте маңызды мәселелердің қатарында тұр. Тұрғын үйлерде дайындық төлқұжаттары да бар. Риддердегі жағдай аздап алаңдаушылық туғызды, бірақ ЖЭО басшылары станцияны жөндеу аяқталуда деп сендіреді. Сондай-ақ, барлық қазандықтар маусымға дайын. 1 қазанға дейін барлық әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады, - дейді аймақ басшысы.
Оқи отырыңыз