KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Бірнеше минуттың ішінде. Семейде медбикенің ақшасы ұрланды

18.09.2019, 04:57 274

Семей ауруханасында медбикенің ақшасы ұрланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей қаласының полиция басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Семей қаласының Әуезов полиция бөлімшесіне 23 жастағы медбике жүгінді. Кабинетінен бірнеше минутқа шығып, қайтып келген ол киім ілгішке іліп кеткен сөмкесінен әмиян ұрланғанын байқайды. Оның ішінде 35 000 теңге болған. Полиция ұрыны ұстады. Медициналық мекеме қызметкерлері мен науқастардан жауап алып, бейнекамера деректерін қараған сақшылар 33 жастағы бұрын сотталмаған адамның ізіне түскен. Күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталып, өз кінәсін мойындады. Ол ауруханаға медициналық анықтама алуға кіргенін, ұрлаған ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгергенін айтқан», - делінген полиция басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу