"Мектепке апарар жол". Шығыстың азаматтары қаражат жинап жатыр
«Мектепке апарар жол». Дәстүрлі акция облыс орталығында биыл да жанданды. Ол әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларды мектеп даярлау мақсатында басталған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Акция жыл бойы жалғасады. Жиналған қаражатты әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына мектеп киімі мен басқа да құрал-жабдықтар алуға жұмсаймыз. Акцияға меценат, кәсіпкер және жомарт азаматтарды шақырамыз, – дейді ұйымдастырушы.
Айтуынша, көмек көрсетемін деушілер Қасым Қайсенов көшесі, 10а мекенжайына барып біле алады (телефон: 8 (7232) 24-11-91).
Ал көмекке зәру отбасылар atamekenim.kz. порталына ұсыныс тастай алады.