Қазақстанда аптап ыстық қашан басылады?
Синоптиктер Қазақстандағы аптап ыстық қашан қайтатынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидромет» ақпаратына сүйенсек, 20 және 21 шілдеде Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде ыстық басылады. Күн күркіреп, аздаған жаңбыр жауады. Ал еліміздің қалған аумағында 20 және 21 шілдеде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Мамандар Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал екенін айтып, ескертті.
Оқи отырыңыз