"Ешкім жұмыс істеп жатқан жоқ!" – Өскеменде тағы бір көше жабылды (ВИДЕО)
Өскемендегі Понтон көпірі мен Ахмер ауылының аралығындағы ұзын көше жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме беріп.
Көліктер қазір екі араға жанама жолмен қатынауда.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметкерінің айтуынша, Тоғас атты бұл көшеге мастикалы асфальтбетон төселеді. Сондықтан да жол айдың соңына дейін жабық болады.
Айта кету керек, жүргізушілердің бірі бұл көшенің жөндеу жұмысы ұзаққа созылғанына разы емес екенін білдіріп, әлеуметтік желіге видео салды. Оның сөзінше, көшеде жұмыс істеп жатқан ешбір адам да, ешқандай техника да көрінбейді.
Оқи отырыңыз