Риддерлік мүмкіндігі шектеулі спортшы Азия чемпионы атанды
ДЦП дертіне шалдыққан риддерлік спортшы қол күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
18 жастағы Данияр Ауданбек Қырғызстанда өткен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған чемпионатта Қазақстан намысын қорғауға аттанып, жеңіспен оралды.
– Чемпионатқа баруға көбіне қаражат жағы кедергі келтіреді. Бірақ, менің чемпиондарым осы бір кедергі үшін көптен қол үзіп қалатынын ұқтым. Казцинкке көмекке жүгінуді жөн көрдім, себебі жаттықтырушы ретінде мен өз балаларымның мүмкіндіктерінің шексіз екенін, және жеңіспен ораларын білемін, Казцинк осы жылы да бізге көмектесті. Демеуші ретінде ғана емес, олар бізге ең бастысы сенім білдірді – дейді Адильжан Дюсупов.
Айтпақшы, додаға барған 5 бала да Риддерге жүлдемен оралды.