KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Туризм: ШҚО-да буклет, брошюра басып, бейнеролик түсіруге бірнеше миллион жұмсалады

25.06.2019, 04:23 188

ШҚО-ға туристерді тарту мақсатында карта, брошюра, буклет басып шығарып, бейнероликтер түсіру үшін бірнеше миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Устинка сайтына сілтеме беріп.

– Туристік орындарды насихаттау – бүгінде маңызды іс. Сол үшін Голливуд жұлдыздарын шақырып, ақпараттық турлар ұйымдастырып жатырмыз. Бұл – өзге мемлекеттерден турист тартуда тамаша қадам, – дейді облыстық турзим және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.

Көрнекі жерлерді жарнамалау үшін өлкемізге қытайлық блогерлер де шақырылған болатын. Олардың әлеуметтік желідегі тіркелушілері 145 миллиондай болса керек. Марат Қабақовтың айтуынша, атқарылған жұмыстардан кейін келушілердің саны былтырғымен салыстырғанда 24,5 пайызға артыпты.

– Бізге келушілердің 90 пайызы өз ішімізден. Енді шетелдіктерді қызықтыру үшін біраз іс тындыру керек. Мәселен, 1 миллион 300 мың теңге Алакөл, Катонқарағай, Рахман қайнары аумақтарында бейнеролик түсіруге жұмсалғалы отыр Бейнероликтердің көбі 30 секундтық болады. Тек екеуі ғана 10 минут көлемінде, – дейді басқарма басшысы.

– Экспедиция жүргізуге қажетті анықтамалық қағаздар шығаруға – 900 мың, ал брошюра, буклеттерді 2 мың дана қылып басу үшін 2 миллион теңге қарастырылады, – деп жалғады сөзін М.Қабақов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу