KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да «чак-чак» әзірлеуден байқау ұйымдастырылды

23.06.2019, 10:19 250

Семейде бүгін Сабантой мерекесі тойланып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мерекелік шара барысында татар халқының талантты ұлы ҒабдоллаТоқай ескерткішінің басына гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді.

Сондай-ақ, Татар орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық тағам «чак-чак»әзірлеу бойынша конкурс өтіп, қорытындысы шығарылды. Елді берекелі тірлікке бастайтын шараны татар халқының дәстүрімен қариясы Рашида Ашрафқызы игі тілегін айтып бастады. Әділқазылар алқасы ең дәмді «чак-чакты» таңдады. Десек те, барлық қатысушылар жоғары марапаттарға ие болды. 

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова он қолынан өнер тамған аспаз Диана Измайлова Гран Приді, ал Фания Каримоваға бірінші орынды тапсырды. Оларға татар халқының ұлттық тағамын қастерлеп, конкурстың ерекше деңгейде өтуіне атсалысқандары үшін ризашылығын білдірді. Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстар бірлігінің әрқашан алғы орында екендігін атап өтті. 

- Құрметті татар бауырлар! Ынтымақ-бірлігі  жарасқан, Абай, Мұхтар, Шәкәрімдер туған қастерлі өлкеде біз бауырлас татар халқының  «Сабантой» мерекесін сонау Ресейден,Татарстаннан келген бауырларымызбен бірге тойлаудамыз. Татар халқынан қаншама таланттар шыққан. Семейдегі мешіт-медіреселерді тұрғызған да осы татар бауырлар. Заманында Құнанбайдың алғызған Ғабитхан молдасы да татар ұлтынан шыққан. Бейбітшілікке, береке-бірлікке шақыратын бұл мереке біздер үшін аса қымбат. Сондықтан, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, мереке құтты болсын! - Айдар Садырбаев өз сөзінде.

Жиын соңында Семейдегі Бизнес және сервис колледжінің студенттері Татар ұлттық киімдерінен сән үлгісін көрсетті.

Шараға Ресейден, Татарстаннан келген татар ағайындар, бауырлар қатысып отырды. Олар қазақ халқына, облыс әкімі Даниал Ахметовке ерекше ризашылықтарын білдіріп, Сабантой жоғары деңгейде өтті деп бағалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу