Өскемен ветеринария қызметі 93 ит, 67 мысыққа квота берді
Өскемен қаласындағы 160-қа жуық үй жануарларын зарарсыздандыру үшін ақша бөлінеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Олардың 37-сі иесіз. Жалпы бөліністе, ветеринария қызметі 93 ит, 67 мысықтың стерилизациясына квота берген. Зарарсыздандыру жұмыстарына қала бюджетінен 1,8 миллион теңге бөлінген.
Адамдардың серігіне айналған, үй жануарларын зарарсыздандыруға, Өскемен мен Риддер қаласындағы иттерді, көпшіліктің көзінше ату түрткі болған. Осы жағдайдан кейін, қоғам ішінде қаңғыбас ит пен мысықты өлтірмей, күресудің басқа амалын іздеу қызу талқылауға түскен.
Бөлінген қаражаттың көбі операция жасауға жұмсалатын көрінеді. Ветеринария бөлімшесі үй жануарларының иелеріне нұсқаулықтар мен бірқатар ұсыныстар тізбегін дайындаған. Жұмыс биылғы жылдың желтоқсанына дейін жүргізілетін болады.