Балаларға арналған батутқа тыйым салынды
Ішкі істер министрлігі балаларға арналған батутты әзірге пайдалануға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме беріп.
– Ауа райы құбылмалы болып тұрған мына уақытта, балалар ойнап жүрген батутты жел аударып алып кетеді. Сондықтан қазіргі уақытта жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп балаларға арналған алаңдарға тексеру жүргізіліп жатыр. Күн жылынып, ауа райы тұрақталмайынша батутты пайдалануға болмайды, – деді министрліктің баспасөз қызметкері.
Айта кетейік, Қарағанды облысында 25 мамыр күні қайғылы оқиға болған еді. Куәгерлердің айтысынша, жел көтерген батут дүңгіршектің үстіне аударылып түскен. Жарақат алған бір бала көз жұмып, екі бала емханаға жатқызылған.