Өскеменде Арбатқа қатысты тұрғындар тілегі тыңдалды
Тұрғындар мен кәсіпкерлер өтініші бойынша, Өскеменнің Арбатына аздаған өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Арбаттың жобасын сызғандар мен қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары кездесіп, тұрғындар өтінішін тыңдады. Жиын нәтижесінде, Арбатқа көлік тұрағы қосылатын болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз бөлімі ақпарат таратқан болатын.
Тұрақ Арбатқа М.Горький көшесі жақтан кірер тұсқа қосылады.
Айтпақшы, ол жерде жеті ағаш өсіп тұр. Екеуін басқа жерге арнайы мәшиненің көмегімен ауыстыруға болады. Ал қалған ағаштарды қайта отырғызу мүмкін болмай тұр. Себебі, бұлар тым үлкен. Снодай-ақ олардың тура астымен телефон және өзге де кабельдер өтеді.
Әкімдік кесілген ағаштардың өтеуіне бес есе көп көшет отырғызатынын айтады.