KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 1 м/с, Ю
502.47 525.83 5.68

Өскеменде мас жүргізуші оқушыларды қағып кете жаздады

24.05.2022, 15:24 59

Бұл оқиға Крылов көшесінде тұрғын үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мас жүргізуші аулада жылдамдықты асырып, тұрақтағы көліктерге барып соғылған. Куәгерлердің айтуынша, осы сәтте оқушылар жолдан шығып үлгерген.

– Toyota тізгініндегі мас жүргізуші бұған дейін көлік жүргізу құқынан айырылған болып шықты. Ол бірінші тұрақтағы Lexus көлігін соққан. Жапондық көлік Volkswagen-ге, неміс машинасы сол маңда тұрған Mazda автокөлігіне соқтығысқан, - деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, бірақ жәбірленушілерге материалдық шығын келтірілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу