KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да созылмалы сырқаттарды жаңа әдіспен емдейтін болды

15.03.2019, 06:10 157

 

2018 жыл аймақтағы медициналық мекемелерде диспансерлеуді жою және ауруды емдеудің озық әдістеріне ауысу процессі басталған еді. Мұндай әдістерде дәрігердің ғана емес науқастың да екі жақты жауапкершілігін қарастырылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Әзірге жаңа жүйеге үш түрлі дерт қосылған: қант диабеті, күретамырлы қысымның көтерілуі және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі.

 

Нақтырақ айтқанда, міндеттемені медициналық қызметкер ғана емес, науқас та беретін болды. Дәрігер маман науқаспен арнайы келісім-шарт жасасады. Келісім бойынша науқас дәрігердің кеңесі бойынша белгіленген уақытта сәйкес медициналық тексеруден өтіп, уақытында емін алып, медициналық мекемеге қажетті ақпарат беріп отырады.

 

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шорановтың айтуынша, қолданыстағы диспансерлеу әдісінде науқастармен кері байланыс болмауы емдеудің тиімділігін айтарлықтай төмендетеді екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив