ШҚО-да көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейеді

Елімізде бала күтімі бойынша берілетін төлемдер мерзімі ұзартылып, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылардың мөлшері өседі.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, елімізде 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50 пайызы көлеміндегі бастапқы капитал отбасыларға қосымша көмек болмақ.
- Бала күтімі бойынша төлемдер мерзімі ұзартылады. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылар мөлшері ұлғайып, олар "Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады. Сондай-ақ 2025 жылдап бастап АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына орташа табыспен айқындалатын болады, - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Босымбекқызы.
Ол бүгінде ҚР-да балалары бар отбасыларды әлеуметтік қорғаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тұтас жүйесі бар екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз