ШҚО-да қос азаматтығы бар алты адам ұсталды
Өңірдегі көші-қон қызметінің өкілдері өткен жылы 60-қа жуық адамда қос азаматтық бар екенін анықтаған.
Ал 2023 жылдың қаңтарында тағы 6 заң бұзушы ұсталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мәселен Шемонаиха ауданының екі тұрғыны қос азаматтық арқылы екі елден де зейнетақы алып отырған. Яғни олар Ресей Федерациясының азаматтығын алған және бұл туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған.
«Бұл азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасынан шығарылды», - деп мәлімдеді көші-қон қызметі.
Оқи отырыңыз