KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, СБ
501.49 525.71 5.77

Тәуелсіз бақылаушы деген кім? – Өскемендегі «Baqyla» координаторы

13.03.2023, 18:21 513 Оразай Жеңісұлы

«Baqyla» тәуелсіз бақылаушылар қозғалысының Өскемен қаласы бойынша координаторы Берік Кәдірұлының айтуынша, бақылаушылар әділдікті ту етеді, алайда бір жақтың жоғын жоқтап, барын түгендемейді.

– Тәуелсіз бақылаушылар заңнамылық шеңберде өзіндік жұмысын атқарып, негізгі қорытындысын шығарады. «Baqyla» қозғалысының негізгі мақсаты да осы – сайлаудың заңнамаға сай өтуі. Бір партияның немесе белгілі бір кандидаттың депутаттыққа өтуі маңызды емес. Ең маңыздысы халықтың белсенді болуы.
Қазір таңда 7 партия, 1500 астам кандидат депутаттыққа ұсынған. Және заңнамада жұмыс жасамайтын депутаттың мандаттын қайтаруда қарастырылған. Сондықтан ең маңызды міндет сайлау науқанында азаматтық белсенділік танытып,өз Конституциялық құқығыңызды қолдану, – дейді «Baqyla» координаторы.

Ал саясаткер, оқытушы Дос Көшім сайлауды бақылау – сайлау учаскесіндегі бір күндік әрекетпен шектелмейтінін айтқан еді.

«Азаматтар сайлауды бақылауға қатысу арқылы өздерінің азаматтық-саяси көзқарастарын қалыптастырады, Қазақ еліндегі сайлау жүйесін өзгертуге де үлестерін қосады. Билік, өкінішке орай, сайлау жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын нығайтудан көрі сайлауды бақылау процесін қыйындату бағытында бірнеше өзгертулер енгізіп отыр. Еліміздегі құқық қорғау органдарының сайлау барысындағы заңсыздықтарға тосқауыл қоюға құлықсыз екені де белгілі. Демек бақылаушылардың сайлау заңын меңгеруі мен өздерінің құқықтарын біліп қоюы жеткіліксіз, оларға «мінез» керек», - деді ол.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу