KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Шахтада жұмысшы қаза тапты – ШҚО

28.03.2023, 11:34 244 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында шахтада жұмысшы қаза тапты.

Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«25 наурызда Артемьев шахтасында шпур бұрғылаушының көмекшісі болған қызметкердің көз жұмғаны белгілі. Жағдайдың қалай болғаны әлі анық емес. Мұндай кезде комиссия құрылады. Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдары, біздің мамандар кіреді. Комиссия нақты не болғанын анықтайды. Бір анығы, жұмысшы құлап немесе басқа да техногендік жағдайда қаза тапқан жоқ», - деді KAZ Minerals корпоративтік байланыстар департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив