Абай облысындағы өрт экологияға қаншалықты зиян келтірді?
Фото: dzen.ru
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменоваға Абай облысындағы өрттің экологияға әсері туралы сұрақ қойылды.
Министр өрттің әлі толық сөндірілмегенін атап өтті.
"Толық сөндірілгені жарияланғаннан кейін екі аптадан соң тиісті жұмыс тобы құрылады. Жұмыс тобы сол жаққа шығып, келтірілген зиянды есептейді. Яғни өрттің экологияға қандай зиян тигізгені туралы ақпарат жоқ. Бәрін есептеу үшін заңға сәйкес тиісті жұмыс тобы құрылады", – деді министр.
Оқи отырыңыз