Белгілі ғалым Әбдеш Төлеубаев өмірден өтті
Елімізде танымал ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаев 10 шілде күні дүниеден озды.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ғалымның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Ұлттық ғылым саласы қара жамылып, дарынды археолог, тарихшы, этнографтан айырылды. Әбдеш ағамыз археология мен тарихтың тоғысында зерттеушілерден ғасырлар бойы жасырылған күрделі мәселелерді шешіп, тың бастамалар мен тарихи маңызы терең экспедицияларға бас болды. Тарбағатай, Сауыр және Шыңғыстай бөктеріндегі археологиялық ескерткіштерді зерттеу бағытында белсенді қызмет атқарып, 70-тен астам монографиялардың, мақалалардың және ғылыми жарияланымдардың авторы. Көптеген жас археологтар мектебін өсіріп, артынан асыл мұра қалдырды. ШҚО-ның Шілікті алқабындағы қазба жұмыстары ең танымал жаңалықтардың бірі болып табылады, онда б.з.д. VIII ғасырдағы Қазақстандағы ең алғашқы Алтын адам (Шілікті) табылды. Барлығымыз үшін бұл өте ауыр қайғы. Әбдеш Тәшкенұлының жаны жәннатта болсын!" – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқи отырыңыз