KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 3 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Тыйым салынған құралмен балық аулағандар 15 тәулікке қамалады

Фото: smi24.kz

11.07.2023, 18:44 184 Ләззат Қанатқызы

Тыйым салынған құралдармен балық аулаған жағдайда салынатын айыппұл көлемі өседі және заңсыз әрекет қайталанған жағдайда айыптыны қамауға алу жауапкершілігі қарастырылып жатыр.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, тыйым салынған құралмен балық аулаған жеке және заңды тұлғаларға 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл көзделген. Бүгінде біздің министрлік аталған кодекс баптарына тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Соның нәтижесінде айыппұл көлемін 50 АЕК дейін арттыру көзделіп отыр, - деді Аян Бахиянов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, айыпталушы бір жыл ішінде заңсыз әрекетін екінші рет қайталаса, қамауға алынады.

- Заң бұзушы бір жылдың ішінде тыйым салынған құралмен балық аулау фактісі бойынша екінші рет ұсталса, яғни қайталаса, онда айыпталушыны 15 тәулікке қамау жазасы қарастырылады, - дейді Экология министрлігінің өкілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу